Біздің артықшылықтарымыз
Жүйелі оқу бағдарламасы
Балабақшада сурет салу, мүсіндеу, тіл дамыту, математика негіздері және логика сабақтары стандартқа сай жүргізіледі.
Ой-өрісті кеңейту

Түрлі мерекелік іс-шаралар, ертеңгіліктер мен үйірмелер баланың талантын ашуға және көпшілік алдында сөйлеуден қорықпауға көмектеседі.
Денсаулық пен спорт

Күнделікті таңғы жаттығулар, таза ауадағы ойындар және теңгерімді 3-4 мезгіл ыстық тамақ баланың физикалық дамуын нығайтады
Тәрбиелеу-оқыту процессін ұйымдастыру
  • Физикалық қасиеттерді дамыту
    Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
  • Коммуникативтік дағдыларды дамыту
    Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді қарастырады.
  • Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
    Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
  • Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
    • Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
  • Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
    Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Құжаттар бөлімі
Өзін-өзі бағалау
Толығырақ көру
Біздің балабақшамызда тәрбиелеу-«Қонжық» балабақшасы — балаңыздың бақытты балалық шағы басталатын мекен!
«Қонжық» балабақшасы 2026 жылдың 19 мамырынан бастап жұмыс істейді. Мұнда балалар қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Қосымша бағыттар:
● Логопед сабақтары; ●Хореография;
. ●Ағылшын тілі;
Тәжірибелі мамандар әр баланың қауіпсіздігіне, көңіл-күйіне және жан-жақты дамуына көңіл бөледі.
Балаларға жас ерекшеліктеріне сай теңгерімді мәзір ұсынылады.
Жұмыс уақыты: 08:00–18:30
«Қонжық» — мейірімге, қамқорлыққа және бақытты балалыққа толы жылы орта!


Жаңалықтар мен іс-шаралар
Жылдық жоспарға сәйкес қызықты іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
Басшы блогы
  • Ерәлиева Жаннұр Данәліқызы
    "Қонжық" балабақшасының директоры
    1981 жылғы 12 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
    Жоғары экономикалық білімі бар. Мемлекеттік қызмет саласында 16 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның ішінде еңбек және әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында қызмет атқарған.
    Басқару, жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау және әкімшілік қызметті жүргізу бағыттарында мол тәжірибеге ие.
    Қазіргі уақытта «Қонжық» балабақшасына басшылық жасап, ұжымның тиімді жұмысын ұйымдастыруға, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға және сапалы тәрбие-білім беру үдерісін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.
Ата-аналар пікірі
Кеңес алуға жазылыңыз
Байланыс номеріңізді қалдырыңыз, біз сізбен байланысқа шығамыз.
Фотогалерея
Байланыс
Байланыс телефондары 87762007288
​Электрондық пошта zhannur81@mail.ru
​
Жұмыс режимі 08:00-18:30
Made on
Tilda